Поделиться:
Үйлену тойына арналған монограмма
Заманауи сыйлық - оны сыйға тартушының қарым-қатынасын білдіріп, белгілі бір мәртебені көрсетуі тиіс. Мұның барлығы таңдау жасар кезде айтарлықтай қиындық туғызады.
Ендеше, жас жұбайлардың есінде мәңгі қалатындай қандай ерекше сыйлық жасауға болады? Мұның шешімі - жастардың аты-жөндерінің бас әріптері ерекше өрнекпен бедерленген монограммаға тапсырыс беру
Сіз мұндай сыйлықтың бірегейлігіне 100% сенімді бола аласыз.
Монограмма – бұл жас жұбайлардың аты-жөндерінің бас әріптерінің қосындысы ғана емес, бұл жақын жандарға ғана белгілі, жасырын мәнге ие философия.
Монограмма әріптерден бөлек, оны нағыз өнер туындысына айналдырып, атаулы күннің мерекелік көңіл-күйін айшықтайтын ерекше бедерлермен және вензельдерден көркемделеді. Үйлену тойын араналған монограмманы әзірлеу - жастар туралы белгілі бір ақпаратты қажет ететін күрделі процесс. Қажетті мәліметті алу арқылы ғана, шебер өз туындысында жастардың мінез-құлқындағы кейбір ерекшеліктерді және тойдың сән-салтанатын көрсете алады.
Сондай-ақ, монограмманы жеңілгек немесе пенжек жағасының қайырмасы сияқты кез-келген бұйымға тағып, оны отбасының символына және осы отбасының әулеттік символына айналдыруға болады.
Читайте также:

