By admin | 18 апреля, 2017 | Компетентное мнение

Жас жұбайларға арналған монограмма

Үйлену тойы салтанаты – өмір бойы есте қалуы тиіс бірегей және қайталанбас оқиға. Бірақ ол үшін ұйымдастыруға айрықша мұқият қарап, үйлену тойын жарқын және әдемі өткізу қажет. Ол үшін түс гаммасын, безендіру мен керек-жарақтарды ойластыра отырып, сәндеуді таңдау керек.Ең маңызды сәндеу элементтерінің бірі үйлену тойы монограммасы болып табылады.

Кәсіби және талғаммен құрауды қажет ететін монограмманы, отбасының логотипі деп айтуға болады.

Жас жұбайларға арналған монограмма жаңа отбасының құрылғанын атап өтіп, махаббаттың ерекше нышанын білдіреді. Бұл өмір бойы қатар жүруге шешім қабылдаған қалыңдық пен күйеу аттарының бас әріптерінің өріліп жазылуы. Мұндай элемент үйлену тойының сәндеуімен үйлесіп, тамаша толықтыруы болуы керек. Монограмманы мұнан былай үй дизайнында керек-жарақ ретінде де қолдануға болады.

Жұбайлардың монограммасы тек әдемілікті ғана емес, сонымен бірге сәнділікті, қайталанбаушылық пен көркемдікті де үйлестіруі міндетті. «Моё время» геральдикалық шеберханасы күйеу мен қалыңдық үшін үйлену тойы салтанатындағы және көп жылдардан кейін тек ең керемет және қайталанбайтын оқиғалармен байланыстырылатын шын мәніндегі бірегей бұйымды жасай алады. Біз кез келген стилдерді, өлшемдерді, пішіндерді қолданамыз. Біз ең ғажап және күрделі ниеттерді өмірде іске асыруға дайынбыз! Өздеріңіз байқап көріңіздер!