By admin | Март 22, 2017 | Новости

Үйлену тойына арналған монограмма

Заманауи сыйлық — оны сыйға тартушының қарым-қатынасын білдіріп, белгілі бір мәртебені көрсетуі тиіс. Мұның барлығы таңдау жасар кезде айтарлықтай қиындық туғызады.
Ендеше, жас жұбайлардың есінде мәңгі қалатындай қандай ерекше сыйлық жасауға болады? Мұның шешімі — жастардың аты-жөндерінің бас әріптері ерекше өрнекпен бедерленген монограммаға тапсырыс беру.
Сіз мұндай сыйлықтың бірегейлігіне 100% сенімді бола аласыз.

Монограмма – бұл жас жұбайлардың аты-жөндерінің бас әріптерінің қосындысы ғана емес, бұл жақын жандарға ғана белгілі, жасырын мәнге ие философия.

Монограмма әріптерден бөлек, оны нағыз өнер туындысына айналдырып, атаулы күннің мерекелік көңіл-күйін айшықтайтын ерекше бедерлермен және вензельдерден көркемделеді. Үйлену тойын араналған монограмманы әзірлеу — жастар туралы белгілі бір ақпаратты қажет ететін күрделі процесс. Қажетті мәліметті алу арқылы ғана, шебер өз туындысында жастардың мінез-құлқындағы кейбір ерекшеліктерді және тойдың сән-салтанатын көрсете алады.
Сондай-ақ, монограмманы жеңілгек немесе пенжек жағасының қайырмасы сияқты кез-келген бұйымға тағып, оны отбасының символына және осы отбасының әулеттік символына айналдыруға болады.

Оставьте заявку и специалист нашей мастерской свяжется с Вами в течении 10 минут